Ресми ақпарға қарағанда, Әділет және даму партиясының кеңсесіне басып кіргендер 3 адам. Стамбұл прокуроры Мехмет Селим Киразды өлтірген қарақшылардың жақтастары көрінеді. Кеше беттерін тұмшалаған белгісіз біреулер Прокуратура ғимаратына басып кіріп, Киразды кепілдікке алған болатын. Оның себебін түсіндіріп, ғаламторға мына видеоны да жолдаған. Сөйтіп, олар прокурорды 2013 жылы болған көтеріліс кезінде қаза тапқан бір баланың өліміне қатысты әділ тергеу жүргізбеді деп айыптайтынын жеткізіпті. Бірақ қарақшылар полиция жеткенше Киразды атып тастаған. 5 жерінен жараланған ол ауруханаға апара жатқанда қаза тапты. Ал қарулы топтың 2 мүшесі оққа ұшып, өзгесі түгел ұсталған. Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы оқиғаны бүлік деп танып, елдегі барлық сот орындарындағы қауіпсіздік жүйесін күшейтуді тапсырды.
Loading...