Түркияда қалып қойған 400 шақты қазақстандық турист елге оралды

Бұл туралы Индустрия және жаңа технология министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев мәлімдеді.

"2014 жылдың 12 шілдесіне дейін «Гүлнар тур» компаниясының қалған барлық туристері жоспарлы түрде Түркиядан Қазақстанға қайтарылады», - деп министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада М.Иғалиевтің сөзі келтірілген.

Туризм индустриясы комитеті «Гүлнар тур» уомпаниясының барлық қалған туристері мен олардың туыстарына Қазақстанның Анталиядағы консулдығына жүгінуді, сондай-ақ Қазақстан аймақтарындағы шұғыл байланыс телефондарына қоңырау шалуға кеңес беруде.

3 мен 9 шілде аралығында жүйелі және чартерлік рейстермен Түркиядан 400-ге жуық қазақстандық туристер елге жеткізілді.