Түркияда Қазақстан азаматы жараланды

Ыстамбұл полициясының мәліметінше, жергілікті тұрғындармен атыс кезінде қазақстандыққа оқ тиген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы tilkespekjoq телеграм арнасына сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетілген, жағдайы қалыпты. Оның көшеде болған төбелеске еш қатысы жоқ.

Қазақстандық Түркияға жұбайымен бірге қатерлі ісікке шалдыққан қызын емдету үшін барған.