ҚР Президенті Н.Назарбаевтың портретімен, түрік және қазақстандық тулармен әуе шарлары (аэростат) көтерілді.
Бұл туралы ҚР-ның Түркиядағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан астанасының символы, «Атом» және «Джи Глобал» сынды ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың халықаралық бастамалар логотипі, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасының эмблемасы, «Қазақстан-2050» және «Нұрлы жол» бағдарламасының логотиптері, сонымен қатар қазақстандық ту болған көктегі шарлар Каппадокия тауларының аясында асқақтай түсті.
Қала тұрғындары тау маңына жиналып, қазақстандықтарға деген құттықтаулары мен жылы лебіздерін плакаттарға жазып, кейін оларды және екі елдің туларын аэростатқа салып, көкке ұшырды.
Шетелдік туристер қазақстандық-түрік ынтымақтастығы мен «Астана күні» туралы фотокөрмені тамашалады.
Невшехир қаласында бұл шараны аэростатта ұшу бойынша ірі туристік компания ұйымдастырды.
«Біз бауырлас Қазақстанды және оның басшысын құрметтейміз. ҚР Президенті Н.Назарбаевты біздің халықжақсы көреді, лидер және түркі әлемінің ақсақалы ретінде құрметтейді. Қазақстанның бауырлас халқын Астана күнімен құттықтаймыз!», - деді акцияға қатысушылар.
Каппадокия мың жылдық тарихында жерасты таулары, үңгірлерімен белгілі болды.
Әуе шарлары - туристер арасында бұл тарихи өңірді тамашау әдісінің кең тараған түрі.
Невшехир провинциясында ҚР Президенті Н.Назарбаев атындағы даңғыл, Қазақстан атындағы бульвар, Қазақстан мен Түркия достығының саябағы, «Невшехир» университетінде Қазақстан атындағы аудитория ашылған.