Түркияда тағы да үкіметке қарсы акциялар басталды

Бейсенбіге қараған түні Түркияның рі қалаларында жаппай наразылық шаралары басталды. Бұл туралы бүгін жергілікті «Си-Эн-Эн-Түрік» телеарнасы хабарлады.


           Манифестер Ыстамбұл, Анкара мен Измир қалаларында өтті.
           Наразы жұртшылық Режеп Тайып Ердуан үкіметінің қызметтен кетуін талап етті.
           Сонымен қатар, наразылық шарасы елдің оңтүстігіндегі Антакия қаласындағы манифест кезінде шатырдан құлап мерт болған 22 жастағы Мехмет Атаканның рухына бағышталды.