Түркияда YouTube пен Twitter-ге салынған тыйым алынып тасталды


Ыстамбұл соты прокурордың тұтқынға алуына қатысты материалды өшіруді талап етті. 31 наурызда қаруланған лаңкестер алты сағат бойы прокурорды жұмыс кабинетінде ұстаған. Мұндай материалдарды жариялауды сот экстремистік ұйымдарды насихаттаудың түрі деп тапты. 

Қазіргі уақытта Түркияның әр аумағында Twitter микроблогтары қолжетімді. Ал YouTube ресурсына әзірге шектеулер бар. 

Сот шешімі Facebook әлеуметтік желісіне де қатысты болды. Бұл желі компания басшысы түрік билігі атаған даулы суреттерді дереу жойғандықтан оқшауланбады. Алайда, жергілікті БАҚ хабарлағандай, Facebook кейін түрік сотының тыйымына қарсы шығатынын мәлімдеген.