Оқиға Ван провинциясында болды. Белгісіз адамдар полиция участкесі маңындағы көлікке жарылғыш орнатып, қашықтан жарып жіберген.
Үш бейбіт адам қаза тауып, 2 полиция қызметкері, 38 тұрғын жараланды.
Терактіні Күрдістан жұмысшы партиясы содырлары ұйымдастыруы мүмкін екені айтылуда.