Түркияда жарылыстан кейін «Фейсбук» және «Твиттер» әлеуметтік желілері бұғатталды


Мұндай шешім жексенбі кешке қалада орын алған жарылысқа байланысты болып отыр. Соңғы ақпарат бойынша, оқиғадан 34 адам қаза тауып, 125-і жараланды. 

Билік оқиға орнынан фотолар мен видеоларды куәгерлер көп таратпауы үшін әлеуметтік желілерді бұғаттау қажет болғандығын жеткізді. 

Оқиға болған жерден осы уақытқа дейін бірқатар суреттер әлеуметтік желілерде жарияланып үлгерді. 

Жарылыс Анкара қаласындағы басты көшелердің қиылысында жергілікті уақытпен 18-40-та (Астана уақытымен сағат: 22-40) болды. Сол жерде көп адам жиналған аялдама болған. 

Жарылысқа қатысты лаңкестік ұйымдар әзір мәлімдеме жариялаған жоқ. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, түрік арнайы қызметінің өкілі билік бұған «Күрдістан жұмыс партиясы» немесе осы ұйымға қатысты адамдарды күдікті болуы мүмкін деп санайтынын айтқан.