Түркияда жүздеген БАҚ жабылады

Түркия билігі сәрсенбі күні жүздеген ұлттық БАҚ-ты жабатынын жариялады. CNN Turk хабарлағандай, үш жаңалықтар агенттігі, 16 телеканал, отызға жуық баспа үйі мен қырықтан астам күнделікті газет жабылады, деп жазады 365info.kz.

Бірқатар БАҚ-тың жабылуын Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекетінен кейін, төтенше жағдайлар енгізілгенімен байланыстырады. Кейбір тыйым салынған БАҚ Feza медиахолдингіне кіреді екен. Ол Фетуллах Гүленнің жақтастарына тиесілі делінеді. Түркия билігі оны елде бүлік жасамақ болды деп айыптайды.


16 шілдеге қараған түні Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекеті орын алды. Билік бүлікшілерді басты. Бүлікті ұйымдастырды деп он бес мыңнан астам адам ұсталды. Сәрсенбі күні түрік билігі тағы да мың жарым әскери қызметкерді қызметінен шеттетті. Олардың жүзден астамы жоғары лауазымды шенеуніктер.