Түркиядағы кешегі жойқын жер сілкінісінің алдында аспанда белгісіз құбылыс жарқ ете түскен

Тұрғындар оны Алланың белгісі немесе тылсым күшке балап жатыр, деп хабарлайды Сaravan.kz тілшісі.

Дамаск университеті жанындағы сейсмикалық институт директоры Хала Хасанның айтуынша, жер сілкінісінің алдында атмосфераның электр және магниттік желісінде өзгерістер болуы мүмкін екен.

Ал жергілікті тұрғындар мұны Алланың белгісі деп санайды.

«Бұл құдайдың белгісі болуы мүмкін», «Естімеген елде көп деген осы болды, қорқатын болдық жаңалық оқуға», «Ғылыми түсініктемесі бар шығар, бұлай ауаның өзінен өзі жарқылдауын кім көрген?», «Бәрі бір Алланың қолында, құдайдың құдыретімен таласамыз ба?» деп жазды олар.

Айта кетейік, кешегі зілзаладан соң Түркияда үш адам қайтыс болып, 300-ге тарта адам түрлі деңгейде зардап шеккені белгілі болды.