Түркиядағы өрттің шығуына 10 жасар балалардың қатысы болуы мүмкін

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жағдайға қатысты, 10 жасар екі баладан педагогтардың бақылауында түсініктеме алынды.

Балалардың «Кітаптарды өртеп отырған едік. Бірден өрт күшейді. Ыдысқа су толтырып, өшіруге тырыстық. Сөнген жоқ. Біз де қашып кеттік» дегені белгілі болды.

Елді мекендер мен қонақүйге 100 метр қашықтыққа дейін барған тілсіз жаудың салдарынан 1 кісі қаза тапты. Бірнеше отелдің бір бөлігіне зиян тиді. Басқа тұстан, дәл осы аймақтағы Бодрум мен Көйжегиз өртіне байланысты тергеу жалғасып жатыр.