Түркиядағы ҚР Елшілігінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай айтулы шара өтті

Іс-шараға 200-ден астам шамасында адам, оның ішінде қоғамдық-саяси қайраткерлер, жергілікті әкімшіліктің, академиялық және сарапшы топтардың, сондай-ақ Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылардың назарына алдымен Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы туралы арнайы бейнеролик ұсынылды.

Қазақстанның Елшісі Жансейіт Түймебаев қатысушыларды Қазақ хандығының тарихи қалыптасуының барысынан хабардар етті. Мерейтойлы жылдың халықтың тарихи көзқарасты түсінуге бағытталған сана-сезімін қалыптастыруда ерекше рөлін атап кетті. Бұл мерейтой Қазақстан мен түркі әлемі зиялыларының ағартушылық қызметінде де өз орнын таппақ.

Конференцияның негізгі қатысушылары, олардың ішінде Түркия тарихы қоғамының президенті профессор Рефик Тұран, Түркия жазушылары мен өнертанушылары қорының төрағасы Яхия Акенгін, Түркі әлемі сәулетшілері мен инженерлері одағының бас хатшысы Ильяс Демирджи, Түркияның бұрынғы мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек өткізіліп жатқан іс-шараға аса қызығушылық танытты.

Түркия тарихы қоғамының президенті профессор Р.Тұран Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының қазақстандық жастары үшін мән-маңызын, сонымен қатар қазіргі замандастардың жиналған білімді, өз халқының салты мен дәстүрін келер ұрпақ үшін сақтауға міндеттілігін атап өтті.

«Бауырлас Қазақстан тарихының бұл кезеңінің халық этногенезі, «қазақ» этнонимінің туындауы мен оның этникалық мағынаға ие болғаны, мемлекеттік шекараның бекітілуі, Қазақ хандығы сияқты көшпелі мемлекеттегі басқару жүйесінің ерекшеліктері, көшпелі мемлекеттің шекаралас елдермен өзара әрекеттесуінің принциптері, қазақ хандарының орта ғасырлар дәуіріндегі қоғамының әлеуметтік-мәдени өміріндегі рөлі сияқты мәселелермен тығыз байланысы бар», - деді түрік профессоры.


Конференция барысында Қазақ хандығы қалыптасуының тарихи кезеңдері туралы айтылды. Қазақ даласын ұлы хандардың басқаруы, жаулап алудың мәні, сол заманның дәстүрлері мен мәдениеті туралы пікірлер білдірілді. Түрік сарапшылары сондай-ақ осындай оқиғаның мемлекеттік мерекелеумен орайластырылуын ел болашағының жаңа дүниетанымдық моделінің қалыптасуына және басты құндылықтар мен бағдарларды айқындауда түрткі болатынын мәлімдеді. Істің нағыз осындай жай-күйі ұлттың мәдени коды - тіл, руханият, салт-дәстүр мен мәдениетті сақтап қалуға бейімделген болып табылады.

Конференция қатысушылары қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуы тарихын дәріптеудің маңыздылығын сезіну жөніндегі мүмкіндікке ие болып, Қазақстан тарихындағы атақты тұлғалардың рухани үлесімен таныса білді.

Іс-шара аясында Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың даму тарихын бейнелейтін, Қазақ хандығының 550 жылдығын, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өту туралы экспонаттар қойылған көрме ұйымдастырылды.