Баспасөз баянында хабарланғандай, үстіміздегі жылдың 30-қаңтарында Маңғыстау облыстық ІІД Есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері топтың үш мүшесін тұтқындаған. Олардан ойын-сауық мекендерінде сатуға дайындалған "экстазидің" 60 таблеткасы тәркіленген. Полиция қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, таблеткалар ұшақпен Стамбул қаласынан жеткізілген.
Биылғы жылы бұл ІІМ Есірткі саудасымен күрес комитетінің бөлімшелері жүргізген төртінші халықаралық операция және аталмыш топтың Қазақстаннан соңғы екі жылда табылған алғашқы партиясы болып табылады, деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.