Түркияға көмек. Еліміз 115 тонна гуманитарлық көмек жинады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жиналған материалдар автокөлікпен Түркия Республикасының елшіліктері мен консулдықтарына жеткізіледі.

13 ақпандағы жағдай бойынша өңірлерде 115 тонна гуманитарлық көмек жиналды (Алматы қ.-4 т., Алматы облысы-68 т., Түркістан облысы-25 т., Шымкент-50 т., Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстары – 3 т.), оның 75 тоннасы (Түркістан облысы және Шымкент қаласы) Түркияға жіберілді, сондай-ақ 32 млн.теңге жиналып, тікелей Afad қорына аударылды.

Бұған қоса, Қазақстандықтар 114 ұлттық киіз үй жөнелтті.

Жалпы, халық жұмыла көтерілуде, блогерлер, кәсіпкерлер, волонтерлер мен қоғам қайраткерлері, журналистер мен жай ғана белсенді азаматтар өз үлесін қосуда.


Мәселен, жас кәсіпкер әрі блогер Асхат Нұрлыбаев (@askhat_nurlybaev), пен Айдос Шайхислам (@kazakhstan_shaikhislam) Instagram парақшасында көмек ұйымдастыру бойынша белсенділік танытса, Жамбыл облысында волонтерлер 17 фура көмек жинап, Алматы консулдығына жіберуді жоспарлауда.

Өз кезегіде Ұлттық волонтелер желісі мен Қазақстандағы Қызыл Жарты-Ай қоғамы айтарлықтай жұмыстар ұйымдастыруда.
Волонтерлер көмек көрсету бойынша жұмыстың бірінші кезеңі аяқталып қалды.

Барлық жұмыстар Қазақстандағы Түрік Республикасының елшілігімен бірлесіп жүргізілуде.