Дина Байрам – бақытын шет елден тапқан әйелдердің бірі, деп жазады 365info.kz. Түркияға 6 жыл бұрын кеткен ол аталған интернет-порталға сұхбат беріпті.
Онда Динаның, әсіресе, Қазақстан мен Түркия еркектері арасындағы айырмашылыққа қатысты сұраққа жауабы қызығырақ сияқты. Сонымен, біздің қыз бүй депті:
«Түріктер (жігіттерін айтып отыр – ред.) ашық-жарқын, сенгіш және қандай мақсатпен келгенін жасырмайды. Егер ол сізді өзіне жар еткісі келсе, мұны бірден түсінесіз. Ол түлкібұлаңға салуды ұнатпайды. Көңілін нақты білдіреді. Отбасыңызбен танысқысы келеді. Қызды да міндетті түрде өз анасымен таныстыруы керек. Жалпы, қарым-қатынас секс үшін жасалмайды. ...Қазақстанда жігіттер бірден бірнеше қызбен жүре береді. Ешқайсысына да дұрыс ниетпен бармайды. Ал жігіттің анасы үшін келін табан астынан келген «тосын сый» секілді болып шығады».