Түркияның оңтүстігінде екі рет жарылыс болып, кем дегенде алты адам зардап шекті

Түркияның Адана және Мерсин провинцияларында күрдтердің Халықтық-демократиялық партиясына тиесілі кеңселерде бірнеше жарылыс болды.

Жергілікті «Дейли ньюс» басылымының хабарлауынша, Аданадағы жарылыс кезінде кем дегенде алты адам жарақат алды. Марсиндегі оқиғадан қанша адам зардап шеккені белгісіз.

Маусымның 7-сінде Түркияда парламент сайлауы өтеді.