"А. Гюль сапар аясында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен жүзбе-жүз кездесу өткізеді, одан кейін келіссөздер кеңейтілген форматта жалғасады. Сапар барысында түрік президентінің Әзербайжан премьер-министрі Артур Расизадемен, парламент спикері О. Асадовпен және осында жұмыс істеп жатқан түрік кәсіпкерлерімен кездесуі жоспарланған. Сапар аясында экономикалық саладағы қатынастарды реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде",- деп хабарлады елшіліктен.
Сондай-ақ А. Гюльдің Әзербайжанға келуі барысында оның Гянджуға сапары да жоспарланған (Әзербайжандағы үлкендігі жағынан екінші қала).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті