Түркияның қонақүйлерінде тұру бағасы құлдырады

Мысалға, Ыстамбұлда бір нөмірдің бағасы тәулігіне 140-тан 91,9 еуроға төмендеген. Бұл туралы Түркия қонақүйлер қауымдастығының наурыздағы есебінде айтылған,  деп үзінді келтіреді Ресей туроператорлары қауымдастығы.

Сонымен бірге, наурызда елдегі қонақүйлер соңғы бірнеше жылдағы жүктеменің ең төмен пайызын көрсетіп отыр. 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, қонақүйлердің толтырылуы 16,5 пайызға төмендеген. Қонақүйлерде барлығы 52,5 пайыз нөмірлер брондалған. Туристік сала негізінен ресейлік, неміс және британ туристері салдарынан шығынға батуда. Мүлдем құрып кетпеу үшін түрік қонақүйлері қауымдастығы ел үкіметіне туроператорларды қолдау шараларын кеңейту жөнінде өтініш жасады.

Мысалға, мамыр айында аяқталуы тиісті авиарейстерді субсидиялау бағдарламасы қыркүйекке дейін ұзартылды. Ол бойынша Түркияға ұшатын авиакомпаниялар әр рейске мың доллардан алады.


Енді мұндай төлемдерді неміс туроператорлары да алатын болды.