Ұлттық кітапхананың көрмелік үлкен галереясында келушілер назарына Астана, Алматы қалаларының көрікті жерлері, мәдени және тарихи ескерткіштер, Қазақстанның қайталанбайтын және бірегей табиғатының әсем көріністері мен жануарлар дүниесі бейнеленген 60 шақты фотосурет ұсынылды. Сондай-ақ көрмеде әсерлі иллюстрациялар басылған альбомдар да бар.
Экспозицияға қойылған жұмыстар келушілердің, әсіресе Астана қаласының әдемі көріністері, зор қызығушылығын туғызып, олар Қазақстанмен жақыннан танысуға жасалған осындай мүмкіндік үшін шын алғыстарын білдірді.
Фотокөрме БАҚ-да кеңінен жария етілді және екі апталық мерзімде ашық болады.