"Тәуелсіздік күнінің 23 жылдығын атап өтуге орай Түркменстан шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтті, шетелдіктер үшін визасыз режимді тоқтатып қойды", делінген дүйсенбіде Маңғыстау облысының мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметінен таралған ақпаратта.
Қазіргі уақытта қазақстандық-түркмендік шекарада екі өткізу пункті бар: көлік үшін "Темір-баба", теміржол үшін "Болашақ".
Түркменстанда Тәуелсіздік күні 27-қазан күні атап өтіледі.