"Мен осынша конфессия өкілдерін көргеніме қуаныштымын, олардың Астанаға келуі форумды дінаралық диалог орнатудың құралы ретінде есептейтіндіктерін дәлелдейді",-деді К.Мацуура. "ЮНЕСКО үшін осы елеулі оқиғамен ұштастырылуы үлкен мәртебе",-деп атап өтті ол.
К. Мацуура: "Біз (ЮНЕСКО) өз міндетімізді атқаратын кезде аталған форумның шешіміне жүгінетін боламыз",-деп мәлімдеді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда "түрлі конфессиялардың тіршілік етуінің бірегей үлгісін жасаған" , -деп атап өтті ЮНЕСКО-ның бас директоры.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті