"Түрлі сыбыс тарады": "Дикий" Арманның досы Бақтияр Артаев қайда жүр?!

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы malim.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды

Олимпиада чемпионы жеңісінен соң қызметте жылдам көтеріле бастаған еді. Бокс федерациясының вице-президенті, мемлекеттік жаттықтырушы болды. Спортшының қызметтегі «даңғыл жолына» Жұмагелдиев кедергі болғандай.
Қаңтар оқиғасы кезінде Бақтиярдың досы «ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды» деп қамауға алынды. Жағдай қиындағанда «Дикий Арманның» алдында ән салып, уыс-уыс ақша алған әншілер тілсіз қалған. Бақтияр жалғыз өзі оны жақтап, қамаудан босатуды сұрады. Мәлімдемесінде «Жұмагелдиев үшін жүрегім ауырады» деп аяныш білдірген. Осы жазбасынан кейін көп ұзамай қызметінен қуылды.

Естеріңізде болса, Арман Жұмагелдиев Белградта өткен жарыста ұтылған спортшыларға қомақты ақша таратты. Көпшілікті елең еткізген жайт халық арасында да көп талқыланған-ды. Бір топ «Дикий Арман маңайына күрзі жұдырықты жігіттерді жинап жатыр» десе, енді бірі «ол спортқа араласа бастады» деп гу ете түскен. Осы жайттан соң Арман мәлімдеме жасағанда Бокс федерациясының вице-президентіБақтияр Артаев қасынан табылды. «Қылмыс серкесінің» бұл әрекетін Олимпиада чемпионы түсіндіруге тырысып, інілеріне қолдау көрсетіп жатыр деп ақтаған еді.

Бақтияр Артаевтың «Дикий Арманға» араша сұраған жазбасы әлеуметтік желідегі парақшасына 10 ақпанда шыққан. Одан бері екі ай өтті. «Бауырының» ісі кесірін тигізді ме,қазір спортшы ел көзінен таса. Ұзынқұлақтан естуімізше, Артаев елден кетіп, шетелде бой тасалап жүр деген сыбыс бар. Жұмагелдиевтің қамалуы Артаевтың да қуғындалуына себепші болды ма екен?!