Түрлі ұлт өкілдерінің жастары бір сахнада

Биылғы жылы мерекелеу бағдарламасы ерекше болды: сахнада Павлодар қаласының сегіз этномәдени бірлестігінің жас өкілдері өнер көрсетті. Олардың әрқайсысы ана тілдерінде бейбітшілік, достық және келісім тілектерін жеткізді.

Беларусь және поляктардың этномәдени бірлестіктерінің мүшелері - ИнЕУ студенттері туған тілдерінде ән шырқады, ал лезгинка биін орындаған шешен-ингуш бірлестігінң бишілерін залда отырғандар қошеметпен қарсы алды.

«Айреник» армян бірлестігінің әншілері орындаған кавказдық әндер көрермендерде ерекше әсер қалдырды.
Басты сөздер: Павлодар облысы , Өнер , Қоғам