Түрме алдында бүлік шығарғандар жазаға тартылды


Қамалғандардың арасында бес әйел бар. Ал  үш келіншектің емшектегі баласы болғандықтан, айыппұлмен шектелген. Олар колония алдында тәртіп бұзып, әскерилердің қоршауын бұзып өтуге әрекеттенгендері үшін айыпты деп танылып отыр. Алайда жазаға кесілгендеріне қарамастан, түзету мекемесінің алдынан түрмедегілердің туыстары әлі де кетер емес. Олар мекеме басшылығын қамаудағыларды соққыға жықты деп айыптауда.  Ал қылмыстық атқару жүйесіндегілер ешкімнің жәбір көрмегенін, керісінше тінту кезінде 60-қа жуық ұялы телефон тәркілегендерін мәлім етті.