Түрме қызметкерінен бала туып алған Наталья Слекишина бостандыққа шықты

Бұдан бұрын Слекишинаның енесі әйелдің бостандыққа шығатынына келіспей қарсы шағым түсірген еді. Натальяның бұрынғы енесі Слекишина сотталған қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болатын.


Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты сотталушы Наталья Слекишинаны азаптады және зорлады деп айыпталған тергеу изоляторының (СИ-18) қызметкерлері Руслан Хәкімовті тоғыз жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Еске сала кетейік, сотталушы Наталья Слекишина биыл шілде айының басында қамауда зорланғанын, содан жүкті болып, босанғандығын жария еткен болатын. Оның айтуынша, түрме басшылығы алғашында зорлау туралы істі жасырмақ болған. Алайда, сараптама қылмыстық іске қатыстылардың бірінің нәрестенің әкесі екенін растады.


Зорлау оқиғасы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/18 мемлекеттік мекемесінің тергеу абақтысында болған. Наталья Слекишинаның айтуынша, оны осы мекеменің төрт қызметкері зорлаған.

Слекишина түрмедегі мерзімін қысқартуды сұрап Алмалы сотына өтінгенін оның адвокаты Айман Умарова бұған дейін хабарлаған болатын. Айта кетейік, Н.Слекишинаның өзі азаматтық некедегі күйеуінің үйіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған.