«Тұтқындар санын қысқартатын шараның бірі – электронды білезіктер. Ол әлемнің алпыстан астам елінде қолданылады. Мәселен, АҚШ-та тұтқынды электронды бақылау оны түрмеде ұстағаннан гөрі 4 есе арзанға түседі», - деді Ж.Асанов бейсенбі күні «Түрме тұрғындарының» санын қысқартуға бағытталған 10 шара» атты жоба тұжырымдамасымен таныстыру барысында.
Оның ойынша, Қазақстанда «электронды білезіктерді тұтқындау орнына пайдаланып, қамақта отырғандар санын қысқарту мақсатында ғана емес, бостандықтан айырудың бір түрі ретінде пайдалануға да болады».
«Оның құқықтық негізі 2011 жылы-ақ жасалған болатын. Бірақ, білезіктерді шетелден сатып алуға бюджеттен қыруар қаржы жұмсалады. Сондықтан оларды өз елімізде шығарған тиімдірек. Жуырда прокуратура Индустрия және жаңа технологиялар министріне индустриалды-инновациялық бағдарлама шеіберінде электронды білезік өндірісін қолға алуды ұсынған болатын. Оны колониялардың бірінің базасында ұйымдастыруға болады», - деді Ж.Асанов.
Ол «министрлік осы мәселеге қатысты кеңесті жақын күндері өткізетін шығар» деп үміттенетінін де жасырмады.