Түрмеде тәртібі жақсы болған Баймағамбетов бостандыққа шықты

Кеден комитетінің бұрынғы төрағасы 80 мың доллар пара алғаны үшін 2012 жылдың ақпанында ұсталған. Ал 2013- те сот шешімімен  10 жылға қамалған болатын. Кейін Қарағанды облысындағы колония басшылығынан қысым көрдім деп арызданғаны да есте. Ақыры Қарағанды қаласындағы тергеу абақтысына ауыстырылған экс-шенеунік кесілген жазасының жартысын да өтемей бостандыққа шығып отыр.

Әлия Жошева, Қазыбек би аудандық сотының судьясы:

-Өзгерістерге сәйкес оның жасаған қылмысы басқа бап аясына енді. Нәтижесінде мерзімі 5 жылға қысқарды. Қамауда оның жартысы, 3 жыл отырғанын және өзін жақсы жағынан көрсеткенін ескеріп, сот оның арызын қанағаттандырмауға негіз тапқан жоқ. 

Loading...