Түрмеде жатқан келіншек құтқару қызметін дүрліктірді


Тайлы-тұяғы қалмай вокзалды түгел тінтіген құтқарушылар ақыры бомба таба алған жоқ. Кейін қоңыраудың түрмеден соғылғаны анықталған. Ақтөбе облысының тумасы бұрын да дәл осылай жалған хабарлама таратып, сол үшін жазасын өтеп жатыр екен. Енді кінәсін мойындаған оған, тағы да қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Вокзалдағы дүрлігісті жергілікті ішкі істер департаменті әуелі «оқу-жаттығу жұмысы» деп хабарлаған. Бірақ, кейін олардың да өтірігі шығып қалды.