Шешелерін мүлдем білмейтін бүлдіршіндердің жанұшыра айғайлаған дауыстарына қарамастан сот шешімін орындаушылар мен тәртіп сақшылары оларды анасына күштеп тартып әперді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Еркек болса да, көз жасына ерік берген берген Данияр Тоқжановты түсінуге болады. Төрт жыл бойы жалғыз өзі бауырына басып өсірген екі қызын енді сот шешімен сай бұрынғы келіншегі тартып алып жатыр. Бұған дейін Мәрияш балаларды «өз еркіңмен бер деп» талай келген екен. Онысынан түк шықпаған соң осы жолы сот орындаушысы мен тәртіп сақшысын бірге ерте келіпті.
Екі қыздың бұлайша жанұшыра айғаулы тегін емес. Аналары түрмеге жіберілгенде үлкені екі жаста кішісі 4 айлық болып артында қалған екен. Балалар шешелерін қазір мүлдем танымайды. Бөтен әйел келіп бізді алып кетпекші деп ойлап жүр бүлдіршіндер.
"Білмейді оны, білмейді шешесін, олар басқа шеше деп ойлап тұр" дейді Данияр.
Мәрияш Тоқжанова осыдан төрт жыл бұрын аяқ астынан миллионер болып шыға келіпті. Әкімдіктен тегін пәтер алып беремін деп сол жолы 31 адамды алдап соққан. Ал оның сөзіне имандай сенген жұрт Мәрияшқа жалпы көлемі 71 миллион теңгені ұстата салған.
Мәрияш түрмеде бос отырмай, тігінші мамандығын игеріпті. Сонысын алға тартып, «қаладағы тігін цехында жұмыс істеймін, қыздарымды өзім тәрбиелей аламын» депті сотқа. Енді судьяның шешіміне сай Әдемі мен Айдана аналарымен бірге тұрулары керек.
Ал сотт орындаушысы Андрей Вахрамеев: "Балалар қарсы болсын, болмасын, олар анасымен бірге тұруы керек. Сот шешімі бойынша бүлдіршіндердің пікірі ескерілмейді. Күштеп тартып алуға хақысы бар. Анасы балаларын өзінің тұрақты мекен-жайына тіркеуге қоюы керек" дейп отыр.
Алайда аналарын мүлдем танымайтын Әдемі мен Айдана бөтен әйелдің неге өздерін қолынан тартып жібермей тұрғанын түсінбейді.
Мәрияш Тоғжанова болса түрмеде барлық кінәсін түсінгенін, толығымен жазасын өтеп шыққанын алға тартып отыр. Енді өз балаларымды өзім асырағым келеді дейді ол.
"Түрмеден шыққан жандар өмірдің мәнін жақсы түсінеді. Көбі аман-есен оралып, балаларымен тату-тәтті өмір сүріп жатыр ғой. Менің олардан қай жерім кем?" деп Мәрияш та жылап тұр.
Сәбилердің жанұшыра қасарысқанына қарамастан анасы ақыры қыздарын алып кетті.