Түрмедегілердің ораза ұстауына тыйым салынған


Бұл жайында azattyq.org ақпарат көзі хабар таратты.

Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиеваға шағымданған төрт жазасын өтеуші өздерін ораза ұстағаны үшін, дәлірегі, ауызашар жасағаны үшін карцерге қамаған. Құқық қорғаушы аталған түзету мекемесі әкімшілігінің азаматтардың ар-ождан бостандығына қол сұғып отырғанын алға тартып отыр.