Түрмеден қашқан қазақ Бішкектің қақ ортасында өзін жарып жіберді

1991 жылы туған Альберт Абхин, қырғыздың арнайы қызмет өкілдері ұстауға шақ қалғанда, қолындағы гранатасын жарып жіберіпті. Қазір көрші елдің барлық құқық қорғау органдары жабылып, екінші Қазақстан азаматы  – 28 жастағы Жанболат Әшіровті іздеп жатыр. Қырғыз соты былтыр ол екеуін шекараны заңсыз кесіп өткені әрі жалған мемлекеттік құжаттар дайындағаны үшін түрмеге қамаған болатын. 

Loading...