Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Мақсатқызының экс.күйеуі күні кеше бостандыққа шыққан болатын. Бүгін желіде продюсер мен қазіргі жолдасы Тұрсынның арасындағы жазба кеңінен тарады.
- Қалың қалай махаббатым?
- Мен сені сүйем, өмірімнің мәні.
- Аман-есен ұш, сені күтемін.
- Сағындым сені, өмірім!, -деп жазылған Whats'App желісіндегі жазбалары әп сәтте ғаламторды шарлады.
Мұны көрген желі оқырмандары түрлі пікірлер жазуда:
"өзі түрмеден енді шықты ғой қойсаңдаршы, дәл шыққан кезде махаббаттарыңды баяндау керек па?", "Баяшка казір саған Бақытбек қарамайтын шығар, переписка салмай-ақ қоюға болар еді","Эххх, неткен өмір, неткен адамдар","Бакең шығып еді, резко сториске сап қойыпты ғой",- деп жазды.
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы Бақытбек Есентаев әйелі Баян Мақсатқызын соққыға жығып, пышақ жарақаттарын салғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол соңғы 6 жылын Алматы облысы Заречный ауылындағы қатаң режимдегі ерлер колониясында өткізді.