Бұл туралы Алматы қаласы және Алматы облысы ҚАЖ департаментінің кезекшісі Мұхтар Жұмағұлов хабарлады.
«Бейсенбіде жазасын өтеушіге азық-түлік әкелген әйелдің заттарын тексеруден өткізу барысында екі бөлке нанның ішінен сим-карталарымен қоса «Нокия» және «Самсунг» маркалы телефондар тәркіленді. Бұдан өзге «Тассай» минералдық суының (0,5 л.) пластикалық бөтелкесіне спирт құйып алып келген», - деді М. Жұмағұлов.
«Жиналған материалдар бүгін сотқа жіберіледі», - деді ҚАЖ департаментінің кезекшісі.