Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Аружан Төре TikTok парақшасындағы жазбасында Ринатпен қарым-қатынастарының бұзылғанын айтты.
"Ақыры ажырасу туралы басталыпты. Осы уақытқа дейін кім не десе де үндемей шыдап келдім. Мен жылап, депрессияда отыратын адамдардың қатарында емеспін. Бірден осындай шешімге келген жоқпын. Ұзақ ойландым. Енді бұрынғыдай жасырып қалатын нәрселерді жасырып, жақсы көрсетуге тырыспаймын. Оның отбасында бір адамға не істесем де жақпадым. Екі жастың ортасына ешкім басын сұқпау керек. Мен жалғыз емеспін. Өсіп келе жатқан ұлым үшін өмір сүремін", - деп жазды Аружан Төре.
Сондай-ақ ол ұрыс-керіспен өмір сүруден шаршағанын және ажырасуға қол көтерудің себеп болғанын жеткізді.
"Тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын. Біздің ажырасуымыздың себебі - осы. Әрбір әйел бақытты болуға лайықты. Менің жүрегім тыныштықты қалайды. Күнде қырғынмен өмір сүргім келмейді. Осыған дейінгінің бәрі өтті, бітті. Қосылмаймыз, қосылмаймын да! Маған енді ұят емес!", - деп жазды ол.
Еске салайық, жас отбасы биыл қаңтар айында шаңырақ көтерген еді. Әнші Ринат Шамшырақ жарының бұрын тұрмыста болғанын, бір баласы бар екенін және өзінен алты жасқа үлкен екенін айтқан болатын. Кейін жарына арнап кең танымалдылыққа ие болған "Аружаным-ай" әнін шығарған болатын.
Ринат Шамшырақ - "Дәлелің бар ма?", "Кекілді қыз" сынды әндерімен және қарындасы Асылжан Шамшырақпен бірге орындайтын дуэтімен ел арасында танымал.