Өнер иесінің сұхбатын Ғани Байсал Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Әкем маған осы жайлы көбірек айта бастаған кезде, Алла маған сондай ой салды. Бір күні өзімнен-өзім отырдым да, әкеме "Әке, сізге уәде берем. Қалай тұрмысқа шығамын, сол кезде бірден намазға жығыламын" дедім. Мен желтоқсан айында тұрмысқа шықтым. Ал қаңтардың ең бірінші аптасында намазға жығылдым. Мен арнайы сүре жаттап, дайындалған жоқпын.
Үйде әкемнен көргенмін, қалай оқылатынын білемін. Бәрін көзіме көрінетіндей етіп, ақ қағазға жазып алдым да оқыдым. Жатқа білмеймін. Кейбір негізгі сүрелерді білемін. Уәдемде тұрдым да, намазға жығылдым. Алланың қалауымен, намазға келуіме әкем себепші болды", - деген ол.