Комитеттің хабарлауынша, "әзірленген жобаның негізгі мақсаты отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады".
"Заңның жобасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жөнінде мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың қызметін жүзеге асыруда құқықтық негіздерін айқындайды",- делінген комиетт тататқан баспасөз баянында.
"Заң жобасының ерекшелігі тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісіне қарсы іс-қимыл жасаудың құқықтық шаралар кешенінің көзделуі болып табылады. Заң жобасында отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласының мазмұны ашылып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасауды жүзеге астыратын субъектілердің өкілеттіктері белгіленген, сондай-ақ осындай заң бұзушылық жасаған адамға қатысты қолданылатын профилактикалық шаралар белгіленген", деп нақтылайды мекеме.
"Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын субъектілер ретінде, біріншіден заңнама деңгейінде көмек көрсететін ұйымдар бөлінген, олар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге консультативтік-психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдардың психикасын түзеу жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асырады", деп түсіндіреді мекеме.
Заң жобасын жасаушылар жобада ұсынылған профилактикалық іс-шаралар отбасы- тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтың төмендеуіне әсер ететін болады деген сенімде.