Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Отандық психологпен тікелей эфирде сұхбаттасқан Баян Мақсатқызына бөлмеде жүрген күйеуі қайта-қайта кедергі келтіре берген. Бұған әрең шыдап, сыр білдірмей отырған продюсер эфир соңында Тұрсынғалиға ұрысып тастады. Тікелей эфир аяқталғанымен, Баян Алагөзова камераны өшіруді ұмытып кеткен сыңайлы.
"Турсен, сен өзі дені сау адамсың ба? 10 мәрте дәретханаға кіріп, тіпті есікті жаппадың. Унитаздағы суды қалай ағызғаның да естіліп тұрды. Мен тікелей эфир өткізіп жатсам, әдейілеп әрі-бері жүрсің, қатты күліп жатырсың. Бөтелкелерді лақтырдың ба. Турсен, солай жасауға бола ма? Бұл деген құрметсіздік қой", - деп ұрысты Баян Мақсатқызы.
Ал Тұрсынғали Алагөзов бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.
Эфирді көрген желі қолданушылары әр түрлі пікір жазды..
"Баян ханым, соңғы жағында қатырдыңыз, "Түнге қарай жақсылап бір күліп алдық. Жақсы көңіл күй үшін рахмет", "Олардың ұрысқандары да әдемі", "Баян Мақсатқызы, сіз ерекше ғажап әйелсіз, - деп жазды олар.