Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі ажырасуға не себеп болғанын айтып берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Евразия" телеарнасы "сатқындықтың себептері" деген тақырыпқа қатысты пікір білдіруімді сұрады. Мен опасыздықтың себептерін және ерлі-зайыптыларды, отбасын қалай сақтап қалу туралы баяндайтын видео түсірдім. Қоғамымызда опасыздық (оның ішінде ажырасу) тақырыбы әлі де өзекті. Жазылған материалды бүгіннен бастап үш күн қатарынан аккаунтыма бөліп жүктеймін. Бүгін 1-бөлім: "Опасыздық. Менің оған көзқарасым", - деп жазды ол.

Ляйсира Марат Тұрсын Алагөзовтың өзіне опасыздық жасағанын ашық айтты.

"Менің опасыздыққа көзқарасым қандай? Опасыздыққа қатысыт пікір бдіргім келмес еді, өкінішке қарай, оның маған тікелей қатысы бар. 25 жыл отасқан күйеуім опасыздық жасап, ажырасуға себеп болдыү Әрине, мен ажырасуды қабылдаудың барлық психологиялық кезеңінен өткен соң, белгілі бір қорытынды жасадым. Соны қазір сіздермен бөлісейін. Опасыздық бізге таңсық нәрсе емес. Бұған дейін де адамдар ғашық болды, үйленді. Адамдарға ерлі-зайыптылардың қалай өмір сүргені, опасыздық болған-болмағаны, не себепті ажырасқаны әркез қызық. Мен опасыздық сөзінің төркініне үңілдім. Бұл сөздің синонимі – "сенбеу". Адам молда алдында адал болуға, сүйіп өтуге, қолдау білдіруге және қайғы мен қуанышта бірге болуға ант бергенде өзіне және сөзіне, таңдаған жарына деген махаббатқа сенеді. Менің ойымша, адам өзіне, махаббатына сенбегенде ол опасыздық жасайды. Опасыздық ең алдымен, сатқындық жасаған адамның өзіне кесірін тигізеді. Сен өз-өзіңді сатып кеткендей боласың. Жолдасыңыз опасыздық туралы білгенде, ол адамға бұл психикалық түрде ауыр тиеді. Және оның алдында екі таңдау тұрады: “Сатқынмен бірге өмір сүру немесе өз өмірін құру үшін одан кетеді”, – дейді Ляйсира Марат.

Айта кетейік, Ляйсира Марат - кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі. Олар 20117 жылы ажырасып кетті. Сол жылдың желтоқсан айында Тұрсын Алагөзов белгілі продюсер Баян Мақсатқызымен некелесті.