Тұрсынбек Қабатовтың әйелі TikTok-та бұрын киген киімдерін сатылымға шығарып, сауда жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Мұқанова TikTok желісінде тікелей эфирге шығып, өзінің және балаларының киген киімдерін сатты. Саудаға ұсынылған киімдердің басым бөлігі 5 мың мен 10 мың теңге аралығында болды, арасында бірде-бір рет киілмеген киімдер де бар.

Мұқанованың бұл әрекеті желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Кейбіреулері оны қолдаса, енді біреулері «неге тегін бермейсің?» деп сынға алды.