Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығы сыр беріп, концертін кейінге шегеруіне тура келді

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ассалаумағалейкум құрметті көрермендер!Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімді 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын!
Өздеріңізді көруге асықпын!", - деп жазды әзілкеш.