"Тұрсынбек неге праймеризден өтпей қалды десем мына жағы шіріп жатыр екен ғой"; Қабатов туралы тың деректер шықты

Бұл туралы әуелі желіде Gulbanu Abenova жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Оның айтуынша, белгілі әзілкеш карантин кезінде ірі сома қаражатқа қатысты іс-әрекетке барған және 25 млн теңгеге конференция өткізген көрінеді. Осылайша Гүлбану Әбенова бірнеше фактілер келтіріп, құжаттардың суреттерін жариялапты 

Ал Сабит Рысбаев есімді оқырман болса өз таңданысын жасыра алмапты:
"Антикоррупционный комитет деген бар ма біздің елде. Мынау не масқара. Карантин кезде жұрт жейтін нан таппай отырғанда қайдағы конференцияға 24 миллион теңге бөлген. Мен алдыңғы постымда Тұрсынбек елге танымал ғой неге праймеризден өтпей қалды десем мына жағы шіріп жатыр екен ғой", деп жазды ол жеке парақшасында.