Тұрсынбек Қабатовтың Instagram-да қызын ақтаған жазбасындағы номер басқа біреудікі болып шықты

Алайда ол жердегі номер Нұрбек есімді жігіттікі емес, басқа біреудікі екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

13-маусымдағы дауға қатысты Әдемі Аманғали биыл ҰБТ -дан шеттетіліп отыр. Танымал актер мән-жайды түсіндіру үшін Instagram парақшасына видео жариялаған. Аудиода өзін Нұрбек деп таныстырған жігіт Әдемі Аманғалиға ҰБТ-дан жоғарғы балл әперіп, Қабатовтар отбасына тосын сый жасағысы келгенін айтады. Бірақ, мұнда көрсетілген телефон Нұрбек есімді азаматтың емес, Қабатовтың қызын ҰБТ-ға дайындаған орталықтың директоры Бауыржан Жәдігеровтің номері болып шықты. Тұрсынбекпен жақсы араласатынын айтқан ол, Нұрбектің орталықта жұмыс істемейтінін айтады.

“Тұрсынбек Қабатовтың қызы бізде көктемде білім алды. Басында ҰБТ-ға дайындалып, кейіннен шетелге түсетін болып, яғни шетелге түсетіндерді біз дайындамаймыз. Менің номерім шықты. Себебі Тұрсынбек Қабатов ол мұғалімді тауып беруді менен сұрады. Ол кісінің телефонын алмай қойған, сондықтан мен телефонымды сол жерде қосып, сол телефонмен сөйлесті ол жерде”,- дейді Жәдігеров. 

Алайда, директордың бұл жауабына тәуелсіз журналист Гүлбану Әбенова сенбейді. Оның айтуынша, бұл былықтың артында Тұрсынбек Қабатовтың өзі тұр.

“Нұрбек Қанаев деген 140+1 деген білім ол орталығында жұмыс істеген. Ол анық көрініп тұр. Бұрыннан бері соның жарнамасында жүр. Қаншама шәкірттері, қаншама түлектер айтып жатыр жұмыс істеді деп. Математика пәнінен”,- дейді ол. 


Тұрсынбек Қабатов басқаратын Әзірбайжан Мәмбетов атындағы жердегі директордың орынбасарының айтуынша, әзілкеш кезекті еңбек демалысына өтініш жазыпты.

“Біз таңертең де Тұрсынбек Қабатовтың жеке номеріне хабарластық. Дәл қазір тағы да бір қоңырау шалып көрейік. Қоңырауға жауап бермейді. Қазір қылмыстық іс 22 жастағы ер азаматтың үстінен қозғалған. Ол Нұрбек Қанай ма, өзге адам ба әзірге белгісіз. Бір анығы осы апта сот болады, қылмысы дәлелденсе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”,- дейді тілші. 

Айта кетсек, бұған дейін заңгер Абзал Құспан Қабатовтың қызының орнына басқа біреу ҰБТ тапсырғанын айтқан болатын. Бұған байланысты қазақстандықтардың оқушының “Алтын белгіні” әділ жолмен иеленгеніне тексеру жүргізуді талап етті. Оқиға жайлы әзілкештің өзі де пікір білдірген болатын.