"Тұрсынбекті қасындағы кеңесшілері бұзады". Есен Елеукен КТА мен Жайдарманның рейтингісін неге құпия ұстап отыр

Есен Елеукен журналист Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбатында бұрын айтылмаған ойларын жеткізді.

"Жайдарман" ойындарының Ұлттық арнадан кетуі рейтингке байланысты болды ма әлде "Жайдарманның" рейтингі "КТА" -дан екі есе аз болғаны үшін бе деген сұраққа:

"Рейтинг жайлы айта алмаймын. Ол құпия. Дегенмен екі есеге артқаны рас. Енді дұрыс қой, жақсы ол да алаң дамысын. "КТА" -ға 5 жыл болды, бірақ әлі өз командасы қалыптасқан жоқ. Сол баяғы бізден барған балалармен шектеліп қалды.

Енді ол жерге барып жатқан балалардың да өз есебі бар шығар. Кей біреулері шынымен бата алып кетіп жатыр. Ал кейбір балалар осы жақта жүреді, ертеңіне қарасаң ана жақта жүреді. Бұл жерде әркімнің саясаты әр түрлі ғой.

Біреулер айтып шықты ғой "Жайдарман" мектеп "КТА" университет деп, адамның күлкісін келтіріп. Адам мықты болса кез-келген жерден өтіп кетеді. Мықты екенін дәлелдейді. Өз кемшілігін біреуден іздеген дұрыс емес. Менде де болды кезінде неге олай жасап жатыр, мен жақсылық жасадым ғой деген ойлар. Уақыт өте келе түсіндім ол орынсыз өкпе екендігін.

Жалпы Тұрсынбек жақсы жігіт, тек оның қасындағы ақыл-кеңесшілері әр нәрсе айтып бұзып отырады"
- деп сөзін аяқтады Есен мырза.

Желі қолданушылары: "Есен аға сондай еңбекқор адам ғой, көбісі соны қолданып кетеді", "Өте жайдарлы күшті кісі екен", "Көп нәрсені ашып айтпады, дегенмен мәдениетті екен" - деген пікірлер қалдырды.