2 наурызда Алматы облысы, Бостандық ауданының сот орнына Тұрсынғали Алагөзовтың ұлы Арсен Алагөзовтен талап арызы бойынша шағым түсті. Арызда әкесінің және әкесімен бірге тұрып жатқан адамдардың үйді босату жөнінде мәлімделген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚР Жоғарғы сот орындау базасына сілтеме жасап.
7 наурызда Раушан Тұрсымбаева шағымды кері қайтарып алуға негіз таппады. Сол себепті оны соттың қарауына алып, азаматтық іс ретінде қарауға шешім шығарды
- Мен балаларыммен араласқым келеді, бірақ мүмкін болмай жатыр. Түсінемін, олар аналарының жағында. Оларға да ауыр. Қызым фамилиясы тұрмақ әкесінің тегін де ауыстырды, дейді бизнесмен.
Мүмкін, мұндай шешім қызынан кейін ұлы Арсенге өтен болар.
Тұрсынғали Алагөзов тарапынан әзірге ешқандай арыз шағым түскен жоқ. Ол қолындағы бар байлығынан оңай айрылуы қиынға соқпағаны белгілі. Ол үшін бірінші кезекте туысқандық пен рухани байланыс. Оның бизнесі бұрынғы әйелі Лайсер Алагөзованың қолында екенін мәлімдеді.
- Менде қазір ештеңе жоқ деп алаңдамаймын. Табысты адамдыр әрқашан солай болып қала береді, немес ешқашан. Егер жас болғанымда империя құрушы едім, қайта құрушы едім. Маған ең басты керегі - балаларыммен ара-қатынасымды жақсарту, деп түсіндірді Алагөзов.
Бизнесменнің балаларымен ара қатынасы жақсара қоюы күмән туғызып тұр. Айтпақшы, Арсен Алагөзовтың арызы бойынша сот ісінің қаралымы 29 наурызға белгіленді.
Оқи отырыңыз:
Баян Есентаеваның ғашығы өз бизнесін қазіргі әйелінің туыстарына беріп тастаған
Алагөзов ажырасқаннан кейін қалай өмір сүруде?
Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы фирмасы көлік үшін оның туған інісімен соттасып жатыр