Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Гүлмира Әбіқай журналист Гүлжанат Пірімбетке берген сұхбатында жан сырын ақтарды.
"Үйде 13 баланың кішісімін. Үлкен әулет, мен үйде кенжесімін. Біз 8 қыз, 5 ұлмыз. Жас қыздар әсіресе ойлайды, әдемі, жылтыр көйлекпен келіп, бай болып түсе қалдың деп. Оның бәрі еңбекпен, маңдай термен келеді.
Хабарға барғым келеді, бірақ олар маңына жолатпайды. Біз ауылдан келгенбіз, пәтердің ақшасын төлеу керек. Ауылда тұратын жеңгем келіп, журналистикада жұмыс тауып бермейді ғой?
Өзіміз тұшпара түйіп, сатқанбыз. Содан кейін мен тұшпараға қарай алмай қалдым. Солай да күн көргенбіз. Қазір мысалы, жер сілкініп, тағы бірдеңе болса, телеарнадан үзіліп қалсам да, еден жуамын немесе тағы басқа жұмыс істеймін. Адам еңбек ету керек.
Инстаграмда жылтырмын деп айтқанмен, мүмкін блогерлер солай айтатын шығар", - деп жазды ол.