Тұяқбайдың пайымдауынша, Қазақстан демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің төрағасы болып сайлануы оның алдағы президент сайлауында оппозициядан ұсынылатын біртұтас үміткер екенін білдірмейді

"Менің бұл лауазымға тағайындалуымның тасасында ешбір астыртын себеп жоқ",- деді Ж.Тұяқбай.

"Біртұтас үміткерді ұсыну -болашақтың ісі",- деді Ж.Тұяқбай. Ал "үміткерлерге келсек, оған лайық адамдар аз емес",- деді ол.
Ж.Тұяқбай қазан айында "Отан" партиясынан шығатынын мәлімдеп, мәжіліс депутаттарының сайлауында жеңіп алған мандаттан бас тартқан. Қараша айында мәжілістің бұрынғы төрағасы Қазақстанның демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің құрамына енді. Кеше, 6-желтоқсанда ол Қазақстан демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Қазақстанның демократиялық күштерін үйлестіру кеңесі "Ақ жол" демократиялық партиясы, Коммунистік партия мен "Қазақстанның демократиялық таңдауы" партияларының бастамасымен құрылған. Кеңеске бірқатар қоғам қайраткерлері енді. Сондай-ақ, "Ауыл" партиясы бақылушы ретінде біріккен.
Оппозиция 2006-жылғы президент сайлауында біртұтас үміткердің атын ұсынатынын мәлімдеді.