Бұл туралы ол "Қызықты Weekend" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Біздің ара-қатынасымызды достарымыз біреуге айтып, содан кейін елдің бәрі білді. Ол әңгіме кейін біздің үйдегілерге жетті. Содан кейін қызық басталды. Анам басында менен үлкен екенін, тұрмыста болғанын, баласы барын білмеді. Кейін "үйге әкел, жаңа жылды бірге тойлайық деді". Солай ауылға алып бардым, бәрі Аружанға қызықты. Біз қайтқаннан кейін ауылдағылар Аружанға қызығушылық танытып, зерттеп, инстаграм желісін қарайды. Ол бұрынғы архивтарды өшірмеген, ең астына түскен кезде барлық нәрселер шығып тұрған. Ағайындардың арасында әңгіме басталып, анам басқаша көзқараста болды. Анам "өзіңнен үлкен ғой, болашағың алда", сөздің қысқасы, "қойсай" деді. Мен жарайды дей салдым. Бірақ, өзім таңдаған адамды жақсы көрем. Мен туысқандарымның барлығымен жақсы араласамын. Сол туысқандар күнде хабарласып ренішін айтты. Өнердегі ағаларым да хабарласып, ренішін айтты. Қысқасы, барлығы қарсы болды. Не істеймін деп жүргенде ауырып, ауруханаға түсіп қалдым. Сол уақыттарда бұл кісінің қамқорлығын байқадым. Күнде ауруханаға келеді, оның үстіне менің отбасымнан тығылып келеді. Шынайы махаббатымыз сол уақытта басталды. Сол уақытта үйдегілердің тарапынан қайта реніш басталды. Солай ағаларымның кеңесімен Аружанды ұмыту үшін алдымнан шыққан басқа қыздармен сөйлесе бастадым. Бірақ ұмыта алмадым", - дейді әнші.