- Гос.акт алынған, юстицияға тіркелген.
– Бауырым, мен қайталап тағы айтам, ол жер сатылмаған.
– Онда неге жол беріледі?
– Ол сұрақты маған қоймаңыз.
«Жалғыз жолымыз неге талан-таражға түседі?» -деп, жергілікті әкімдікке беттеген қарашаны табалдырықтан ауылдың бас сәулетшісі осылайша қарсы алды. Сан сауалдарыңа жауапты өзгеден сұра деп қысқа қайыруға тырысып еді, жұрт райынан қайтпасын түсінді ме, әкімнің өзі шықты.
Әкім жерді ешкім сатқан жоқ деп қанша күшке мінгенімен, жер телімдерінің басы-қасында жүрген сәулетші жолдың бір бөлігі расымен жеке қолда екенін мойындап қойды. Әкім сонда да қайтар емес.
- Мынау жол ма, енді неге керек сендерге? Үй салғанда мен жауап беремін.
300 түтіні бар елді-мекен тұрғындарының бұл қалаға шығатын жалғыз жолдары. Оның үстіне жақында бұл маңға электр бағандары мен газ тартылуы тиіс болған. Алайда жер иесі менмін деген біреу айқайласып жүріп жұмысты тоқтатыпты.
Мақсат Алипов, «Тұздыбастау» ауылының тұрғыны:
- Жолдың бәрін тоқтатып қойды, жұмыстың бәрін тоқтатып қойды. «Менің жерім» деп гос.актісін, решениясын, қызмет куәлігін көрсеткен.
Нұрхан Сыдыбаев, «Тұздыбастау» ауылының тұрғыны:
- Әкім оны мойындамай отыр. Мойындамауы керек өзіне. Өйткені, бізге жол керек. Осы жол үшін, болашақ үшін, түсірілетін тоқ үшін, электр үшін біз күресеміз.
Біраз талас-тартыстан кейін сабасына түскен әкім ақырында газ, жарық, су тарту жұмыстары қайта жалғасатынын жеткізді.
Бір жапырақ жер үшін жаға жыртысқандарды әкімнің өзі сабырға шақыруға тырысты. Яки жер ешкімше берілмейді, қайта жөндеу жұмыстары жалғасатын табады деп. Десе де тұрғындар осымен үшінші мәрте талан-таражға түскен аула ешкімнің құзырына өтпейді дегенге сенбей отыр.