Тянь-Шань тауларында хабар-ошарсыз кеткен екі альпинист іздестірілуде

Алматы облысында Хан Тәңірі шыңында хабар-ошарсыз кеткен екі альпинист іздестіріліп жатыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Іздестіру шарасына төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 22 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.