Жұмаш Айтжанұлының қарындасы олардың отбасылық өміріне қатысты тағы бір құпияның бетін ашты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жұмаш Айтжанұлының қарындасының ағасы мен бұрынғы жеңгесіне қатысты жанайқайы желіде тарады.
"Саған өміріңде менің ағам Жұмаштай адамды кездестіргенің үшін Аллаға шүкір етуің керек. Ол – жауапкершілігі мол әке, мейірімді әрі ақылды адам. Өзін өзі жасаған, жастайынан еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеп, бүгінгі жетістігіне өз күшімен жеткен жан. Сені қандай қиын жағдайдан алып шыққанын және саған лайықты, қалыпты, жеткілікті өмір сыйлағанын ұмытпа. Тіпті бұрын болмаған құжаттарыңды да жасап берді. Әкеңді көшіріп әкеліп, оған пәтер алып берді.
Ажырасқан кезде барлық мүлікті саған қалдырды: бірнеше пәтерді, қала орталығындағы коттеджді, сұлулық салонын, премиум көлікті. Балаларына көмектесіп келді және әлі де көмектесіп жүр. Ал сен оның үлкен ұлын бірнеше рет үйден қуып жібердің, ол әр жолы баласымен бірге кетуге мәжбүр болды", - деп жазды ол.